Алматыда тұрғын үйдің екі жағынан заңсыз салынған құрылыс бұзылуда

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы орталығы, Наурызбай батыр көшесі, 41 мекен-жайы бойынша тұрғын үйдің жанынан салынған екі құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылатын болды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, екі нысанның заңсыз, әрі қоғамдық жерде салынғаны анықталды.


Меншік иесіне қатысты әкімшілік айыппұл салынды.


«Алматы қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды. Меншік иесі қосалқы нысанның біреуін өз еркімен бұзды, ал екінші қосымша құрылысты мәжбүрлі түрде сүру бүгін, сот шешіміне сәйкес, сот орындаушыларының қатысуымен жүруде», – делінген ресми хабарламада.