Алматыда тіркелген атыс қару иелері тексеруден өтеді

Фото: Pexels
Алматыда тіркелген атыс қаруы арқылы болатын қылмыстың алдын алу бойынша «Мерген» іс-шарасы өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы орайда, заң талаптарының сақталуы – қару иелерінің рұқсат қағаздарын уақытында жаңартуы, қару сақтау мен тасымалдау ережелерінің орындалуы бақыланады.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тіркелген қарулардың сақталу жағдайын тексеруде. Одан бөлек, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.