Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жобасы аясында фронт кеңсе ашылды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласы, Алатау ауданы комьюнити орталығында еріктілер тұрғындармен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Еріктілер тұрғындармен кездесулер, семинарлар өткізеді. Халықты ақпараттандыру жүргізіледі. Жобаның мақсаты – қоғамдық белсенділікті арттыру.
Жоба жүзеге асып келе жатқаннан бастап сатып алуда 2,3 млрд теңге бойынша заң бұзушылықтар анықталды.
Келесі кезекте мұндай кеңселерді басқа да аудандарда ашу көзделді.
Бастама қала әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментінің қолдауымен қолға алынған.