Алматыда шілдеге дейін көлік қозғалысы қай көшелерде шектеледі?

Фото: аdm.tver.ru

Алматыда 40 жылдан астам уақыт бойы жер астында жатқан ескі жылу желілерін ауыстыру бойынша шұғыл жұмыстар басталды. Осыған байланысты Алмалы ауданындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Билік өкілдері қала тұрғындарын маршруттарын алдын ала жоспарлауға және жолда мұқият болуға шақырады.


3 маусымнан 6 шілдеге дейін келесі учаскелерде қозғалыс жабылады:


Айтиев көшесі – Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін;


Қазыбек би көшесі – Чокин көшесінен Исаев көшесіне дейін.


Шектеу қою екі бағытта да жүргізіледі.


«Жұмыстар қысқы жылыту маусымына дайындық аясында жүргізілуде – бұл учаскелерде 1978–1989 жылдары төселген құбырлар ауыстырылады. Жалпы бір шақырым жылу желісі жаңартылып, 13 көпқабатты тұрғын үй тұрғындары қыс мезгілінде тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі», – деп түсіндірді әкімдік.

2025 жылы Алматыда жалпы ұзындығы 39 шақырым болатын құбыр желілерін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл шаралар қаладағы жылу жүйелерінің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетіп, қыс кезінде болатын апаттар мен жылусыз қалуды азайтуға мүмкіндік береді.