Алматыда Райымбек даңғылы бойында жол уақытша шектеледі

Фото: Pexels
2025 жылы 13 маусым сағат 23:00-ден бастап 14 маусым сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылы бойы Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін шығыс бағытында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_Joly сілтеме жасап.
Бұл – Алмалы ауданындағы 1994 жылдан бері пайдаланылған жатқан құбырды жөндеумен байланысты қолданылған шара. Батыс бағыттағы қозғалыс өзгеріссіз қалады.
«Уақытша шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындық аясында, магистральді құбыр желісінің жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі»,