Алматыда нан-тоқаш өнімдерін шығаратын цех өртенді

Фото: ҚР ТЖМ

Алматы қаласы ТЖД күштері қаладағы  нан-тоқаш өнімдерін шығаратын цехтің өртенуі жайлы шақырту алған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


ТЖМ қызметі оқиға орнына 5 минутта жетіп, іске кірісті. Бір қабатты жеке құрылыстағы өрттің шатыры жанған.


Жарты сағат ішінде өрт 260 шаршы метр ауданда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.