Алматыда марихуанының ірі партиясы табылды

Фото: Polisia.kz
Алматы қаласының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Әуезов аудандық полиция жедел уәкілдері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілген зертхнананы анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Өсімдіктердің марихуана екені анықталды. Жалпы салмағы 21 кг марихуана тәркіленді.
Фитозертханадан 31 түп өсімдік, техникалық шамдар, таразылар мен тыңайтқыштар, судың қышқылы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді.
Іс бойынша күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пост из социальной сети