Алматыда құрылыс материалдар дүкені өртенді

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 09:38
Фото: ҚР ТЖМ

2025 жылы 15 сәуірден 16 сәуірге қараған түні Алматы қаласы, Алатау ауданы, Солтүстік айналма шоссесінде орналасқан құрылыс материалдары дүкенінде өрт тұтанған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ cілтеме жасап.


Сауда орнының едәуір бөлігін алған өрттің рангін көтеру бойынша шешім қабылданды. Суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Басқа жақын орналасқан ғимараттарды өрттен қорғау ұйымдастрылды.


Нәтижесінде, өрт сөндірілді. Жақын маңдағы қоймаларға жалынның таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.


Следите за новостями Taspanews