Алматыда күн суытады: үш күндік болжам

Фото: pixabay.com
Алматылықтар үшін 2025 жылдың 14 сәуірі мен 16 сәуірі аралығында салқын және жаңбырлы ауа райы болжанады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 14 сәуірде күндіз термометр орташа +16 градусты көрсетеді. Көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +12 градусқа дейін төмендейді. Жел секундына 4,8 метрге дейін күшейеді.
Сейсенбі, 15 сәуірде тағы жаңбыр жауады. Температура қолайлы болып қалады - орташа шамасы +17 градус. Күндіз термометр +21 градусты көрсетеді, түнде +13 шамасында. Жел секундына 2,6 метр.
Сәрсенбі, 16 сәуірде жаңбырлы ауа райы сақталмақ. Күндіз температура +16 градусқа дейін көтерілсе, түнде +10 градус шамасында. Жел әлсіз – секундына 3,7 метр.