Алматыда күн күрт суытады: 30 сәуір мен 1 мамыр бойынша ауа райы болжамы
Фото: Pexels
Алматыда шуақты күндер жаңбырлы күндерге ауысуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.
Алматыда 30 сәуір күні күндіз көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +21 +23 градус, түнде +15 +17 градус болады.
1 мамыр күні күні күндіз көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз температура +21 +23 градус, түнде +13 +15 градус. Жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Алматы тұрғындарына алдағы күндері ауа райы болжамын бақылап жүруге кеңес береміз.