Алматыда көшені жарықтандыруға аса көңіл бөлінуде
Фото: Pexels
Алматыда соңғы үш айда көше жарығына қатысты шағымдар саны 10 мыңнан 2800-ге дейін азайған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақауларды жою бұрынырақ 2 апта жүрсе, қазіргі таңда мерзім 5 күнге дейін қысқарды. Қала бойынша 40 мобильді бригада жағдайды тәулік бойы бақылауда.
2024 жылдан бастап 82 учаске, 20 мектеп маңы жарықтандырылды. 400 шам, 15 шақырым кабель орнатылды.