Алматыда қоқысты қайта өңдейтін зауыт салынады

Алматы фото на taspanews.kz от 10 апреля 2025 09:35
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 2 000 тонна қалдықты қайта өңдейтін зауыт салу жоспарлануда, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі Ерболат Досаев қытайлық Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниясының президенті Лонг Цзишэнмен кездесу барысында жаңа жобаны талқылады. Тәулігіне 2000 тонна қалдықты қайта өңдеп, 60МВт дейін электр қуатын өндіретін қоқыс өңдеу зауытының құрылысын 2025 жылы күзде бастау жоспарланды.


Осылайша, 2029 жылы қалдықтырда қайта өңдеу үлесі 80%-ға жетеді.


"Компания сондай-ақ, Қазақстан мен Орталық Азияда экологиялық технологияны дамыту үшін мамандар даярлайтын өңірлік оқу орталығын құруды ұсынды. Жоба Алматы мен Шанхай арасындағы стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асырылады", – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews