Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы жүйелі әрі ыңғайлы бола түседі

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 19 июня 2025 12:03
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру үшін «ONAY!» диспетчерлік басқару орталығына арнайы барды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Қала әкімі қоғамдық көлікті бақылау мен басқару жүйесімен танысты. Қала әкімі аялдамаларда автобустардың тізіліп кезекте тұрғанын көретінін айтты. Мұны реттеу керегін тапсырды.


«Белгіленген кесте мен қозғалыс аралығын сақтау қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

Қазіргі таңда «ONAY!» жүйесі 27 тасымалдаушы мекеменің жұмысын үйлестіреді. 455 миллион сапар орын алады. Осы орайда, әкім диспетчерлік жүйені жаңғыртып, тасымалдаушы компаниялардың жауапкершілігін күшейту керегін жеткізді.


Следите за новостями Taspanews