Алматыда кітапханашыларға арналған алғашқы хакатон өтті

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 25 апреля 2025 20:14
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Кітап күніне орай алғаш рет кітапханашыларға арналған хакатон өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Хакатонда Қазақстанның түкпір-түкпірінен кітапханашылар жиналып, өз идеяларын ұсынды. Дәлірек айтқанда, цифрландыру мен қызмет көрсетудің жаңа форматтарына қатысты жобалар ұсынды.


Алматы кітапханаларының қызметкерлері Оңтүстік Корея, Швейцария, Германия, Финляндия, Эстония және Швецияда тағылымдамадан өткен тәжірибелерімен бөлісті.


Сонымен қатар, Алматыдағы соңғы өзгерістердің қатарына тәулік бойы жұмыс істейтін автономды кітапханалардың іске қосылуы кіреді. Одан бөлек, RFID мен цифрлық оқу залдары ашылды.


Жыл сайын қаладағы кітапханаларға 3 миллионнан астам оқырман келеді.


Следите за новостями Taspanews