Алматыда халықты сумен қамтамасыз ету жобалары іске асуда

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын сумен қамтамасыз етуде маңызы зор инфрақұрылымдық нысандарды аралады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.  


Алматыда Таужолы шағын ауданындағы су жинау станциясы салынуда. Болашақта бұл нысан 100 мыңнан астам тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.


Ал 2026 жылы жазда Нұрлытау шағын ауданында су дайындау кешені мен сорғы станциясы іске қосылады. 45 мыңнан астам адам сумен қамтылады.


Одан бөлек, Нұр Алатау шағын ауданындағы резервтік гидротехникалық құрылыс су жүйесінің шығын кезіндегі тұрақтылығын арттырады.


Алматы әкімі осы нысандарды аралап, қаланың ауқымына сай қосымша қуат көздері керектігін айтты.