Алматыда «Катюша» әскери техникасы ашық аспан астындағы музейде көрсетілді
Фото: Алматы әкімдігі
2025 жылы 5 мамыр күні Алматы қаласы, Армия үйі аумағында Жауынгерлік Даңқ музейінің жаңартылған экспозициялары көрсетілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Бүгін музейдің жаңа бөлімі – Ашық аспан астындағы музей салтанатты түрде ашылды. Іс-шара барысында мемлекеттік Әнұран орындалып, жоба қатысушылары марапатталды. Жаңартылған залдарда экскурсия өтті.
Ашық аспан астындағы музейде 28 әскери техника, оның ішінде – Т-34 танкі мен БМ-13 «Катюша» қойылды.
«Музейді қайта жөндеу кезінде субұрқақ қалпына келтіріліп, демалыс аймағы көркейтілді. Сонымен қатар, көрмелер жаңартылып, Рейхстагты шабуылдау мен Павлов үйін қорғау тақырыптарында диорамалар қосылды. 1965 жылы негізі қаланған бұл музей ер есімін сақтауға және патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған миссиясын жалғастыруда»,