Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

 Pexels фото на taspanews.kz от 26 июня 2025 10:10
Фото: Pexels

Алматыдағы Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі,  – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_Joly сілтеме жасап.


Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеу енгізіледі.


26 маусым сағат 22:00-ден бастап 27 маусым сағат 06:00-ге дейін Экологиялық бекет даңғылынан бастап Сапарлы жол көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.


«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews