Алматыда дропперлер ұсталды
Фото: Polisia.kz
Алматыда полиция азаматтардың банк карточкаларынан ұрланған ақшаны шығарып алмақ болған екі дропперді ұстады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Күдіктілердің бірі Қазақстанға осы іспен айналысу үшін арнайы келген. Алаяқтар заңсыз ақшаны өзге адам арқылы алу үшін қолданылатын схемада жалпы саны екі күдікті болды. Олар интернет арналардан алынған нұсқаулар бойынша қаражат шешіп алып отырған. Алынған соманың белігілі бір пайызын куратормен бөліскен. Жеке басын жасыру үшін сырт келбетін өзгертіп тұрғаны анықталды.
Полиция тарапымен ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды. Аз уақыт ішінде 45 млн теңге шоттардан шығарылған.
Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.
Есте сақтаңыз – олар мемлекеттік органдардың немесе банктердің өкілі сияқты көрінсе де, жеке деректеріңізбен және кодтарыңызбен бейтаныс адамдармен бөліспеңіз. Сақ болыңыз, бейтаныс адамдарға сенбеңіз, ал егер алаяқтыққа түсіп қалдып деп күмәндансаңыз, бірден полицияға хабарлаңыз,