Алматыда демалыс күндері кезекті азық-түлік жәрмеңкелері өтеді

Фото: Pexels
2025 жылы 3-4 мамыр күндері Алматыда өтетін жәрмеңкелерде 900 тоннаға жуық жаңа өнім сатылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкелерде өнім бағасы нарықтық бағадан 15-20% төмен болады.400 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 390 тонна ет, 50 тонна сүт өнімдері, 30 тонна жұмыртқа, шұжық және бал сатылмақ.
Жәрмеңке Алмалы, Әуезов, Бостандық пен Медеу аудандарында сағат 09:00-18:00 аралығында өтеді:
Алмалы ауданы — Масанчи көшесі (Әйтеке би мен Гоголь көшелері аралығы), Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен)• Бостандық ауданы — Қазақфильм ш/а., (әл-Фараби даңғылынан жоғары)• Медеу ауданы — Мендіқұлов бульвары мен Бектұров көшесі.