Алматыда Бірлік күніне орай өтетін мерекелік іс-шаралар тізімі жарияланды

GOV.kz фото на taspanews.kz от 29 апреля 2025 09:14
Фото: GOV.kz

2025 жылдың 1-мамыры бұл жылы Ассамблеяның 30 жылдығымен тұспа-тұс. Осы орайда Бірлік күні қалада «Бірлігі жарасқан Алматы» атауымен өтіп, түрлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


1.  Негізгі іс-шаралар Абай алаңы, Республика сарайы алдында сағат 10:30-21:00-ге дейін өтеді. Сағат 11:00-12:15-ке дейін бас сахнада түрлі вокалдық қойылымдар, аспаптық қойылымдар қойылады, этникалық және мәдени ерекшеліктерді көрсететін әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнерімен тәнті етеді. Алматылықтар үшін Башқұртстаннан танымал Ay Yola тобы арнайы келеді. Одан бөлек, «Дервиши» тобы, Темірлан Бейсенбай (Ratovich) сияқты жұлдыздар мерекелік көңіл-күй сыйлайды.


2.  Кешке Абай алаңында Қазақстан эстрада жұлдыздарымен шоу-концерт өтеді. Айқын Төлепберген, Бүркіт, Марсель, Мархаба Сәби өнер көрсетеді.


Одан бөлек, алаңда «Халық бірлігі назарда» фотокөрмесі ұйымдастырылады.


Ал 1 мамыр сағат 10:00-да Тұңғыш Президент саябағында ҚР Ассамблеясының мерейтойына арналған Бірлік жарысы өтеді.


Сонымен қатар, Алматының әр ауданында өзіне тән мерекелік іс-шаралары өтеді. Олардың ішінде жәрмеңке, спорт турнирлері, қайырымдылық бастамалар бар:


Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 29 апреля 2025 09:14
Фото: Алматы әкімдігі
Следите за новостями Taspanews