Алматыда бірлік күні қалай тойланды: мерекелік концерт пен дәстүрлі тағамдар

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 1 мамыр – Бірлік күнін тойлау ҚР Ассамблеясының 30 жылдығы аясында кең көлемде өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
«Бірлігі жарасқан Алматы» мерекелік бағдарламасы аясында Абай атындағы алаңда, Республика сарайы алдында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін мерекелік концерт өтті. Мерекеге қала әкімі Ерболат Досаев қатысты. Концерттің басты қонақтары – Башқұртстаннан келген Ay Yola тобы мен Роза Рымбаева болды. Сонымен қатар, L Duo дуэті, пианист Ratovich, «Дервиши» және Madein KZ өнер көрсетті.
Алматының әр ауданында өзіне тән мерекелік іс-шаралар өтті. Этномәдени бірлестіктер ұлттық би билеп, ән айтты, дәстүрлі тағамдарынан дәм тарттырды.