Алматыда бетперде киген адам ашыққан отбасыны құтқарды
Алматыдағы өмірлік жағдайы ауыр отбасыға өзін «Бетперде киген адам» деп атайтын анонимді қайырымды жан көмек көрсетті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
14 жастағы Сержан мен оның отбасы өміріндегі ауыр дағдарысты бастан өткерді. Баланың ата-анасы – мүгедек жандар: анасы – эпилепсиямен ауырады, ал әкесі – көзі көрмейтін зағип. Кенже қарындасында көру қабілетінің бұзылуы және даму тежелісі бар. Отбасы жалдамалы бір бөлмелі пәтерде тұрады және бірнеше рет аштық пен қаржы тапшылығын бастан кешірген.
«Үйде нан болмаған кезде, ата-анама көмектесу үшін қоқыстан іздеуге тура келетін»,
Отбасына көмектесу үшін Сержан мектептен кейін ауыр жүк тасып, қосымша жұмыс істейді.
Отбасы үшін ең қиын сәтте «Бетперде киген адам» пайда болды. Ол аты-жөнін айтқысы келмеді. Оның көмегі арқылы Сержанның ата-анасы емделуге мүмкіндік алды, ал отбасы баспаналы болды.
«Ата-анаң емделуге барады, сенің алдыңнан жаңа білім алу мүмкіндіктері ашылады, ал енді сендердің өз үйлерің бар»,
«Бетперде киген адамның» кім екені әлі күнге дейін белгісіз. Ол ешқашан бетін көрсетпейді, аты-жөнін атамайды. Алайда желі қолданушылары оны қазірдің өзінде «қазақстандық Бэтмен» деп атап жүр – аты жоқ, бірақ қиын сәтте көмекке келетін нағыз қаһарман.
Әлеуметтік желілерде қызу пікірталас жүруде:
«Бәлкім, бұл жарнаманы қаламайтын ірі кәсіпкер шығар»;
«Мүмкін, бұл жақсылықты жасырын түрде істеп жүрген блогер болар»;
«Бәлкім, бұл атақты адам, атақ үшін емес, шын көңілмен көмектесетін шығар?» , – деп жазуда пікір қалдырушылар.