Алматыда балалардың интернетті қауіпсіз қолдануына арналған SIM-карта іске қосылды

Pexels фото на taspanews.kz от 17 июня 2025 11:12
Фото: Pexels

Алматы қаласы прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторларымен бірлесіп «SIM KIDS» пилоттық жобасын іске қосты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


SIM-карта зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауына мүмкіндік береді, дыбыссыз режимде де баламен байланыста болуға арналады.


«Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді. Есіңізде болсын балалардың қауіпсіздігі қарапайым шешімдер мен ересектердің бейжай қарамауынан басталады», – делінген ресми хабарламада,

Следите за новостями Taspanews