Алматыда "Арыстан" базарының бір бөлігі бұзылуда
Фото: қала әкімдігі
Алматыда Ақсай-4 шағын ауданындағы "Арыстан" базарының бір бөлігі бұзылуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Сот шешімімен сауда орнының 2000 шаршы метрден астамы сүрілуде. Базардың бұл бөлігі тиісті құжаттарсыз соғылған.
"Тигрохауд фирмасы" ЖШС қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Заңсыз құрылыстарды сүру бойынша сотқа арыз берілген.
2024 жылы 19 шілдедегі аппеляциялық саты 2024 жылы 1 наурызда сот белгілеген шешімді растады. 2000 шаршы метрден астам жер сүрілетін болған.
Сүру жұмыстары жақында Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды.