Алматыда 8 маусым кешінде көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Pexels
Алматыда 7- маусым аралығында Абай алаңында заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_Joly сілтеме жасап.
Фестиваль аясында Ethno-world фестивалі, дрон шоуы ұйымдастырылады. Одан бөлек, AY YOLA тобы өнер көрсетеді.
Іс-шара екі күні де сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін өткізіледі. Осыған орай, 8 маусым күні сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сонымен қатар Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.
«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жолыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз»,