Алматы жазды жаңбырлы күндермен қарсы алады

Pexels фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 21:16
Фото: Pexels

Алматыда демалыс күндер жаңбырлы өтеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz "ҚазГидроМет" РМК сілтеме жасап.


лАлматыда 31 мамыр күндіз көшпелі бұлт жүреді, кешке жақын қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде жауын тоқтайды, көшпелі бұлт жүреді. Күндіз температура +22+24 градус, түнде +12 +14 градус шамасында. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.


1 маусым күні қайтадан жаңбырлы күн орнайды – көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде температура +13 +15 градусты құрайды.


Следите за новостями Taspanews