Алматы облысындағы жарылыста зардап шеккендердің бәрі көз жұмды

Алматы облысы Жібек жолы ауылымаңындағы «АзияАгроФуд» зауытының астық қоймасында болған жарылыстың салдарынан зардап шеккен төрт адамның барлығы қаза тапты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Аймақтық Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратына сай, 23 мамыр күні зауыт элеваторларының бірінің цехында өрт тұтанған. Өрттің шығуына ұн тозаңының тұтануы себеп болған — бұл астықты сақтау мен өңдеу кезінде пайда болатын аса қауіпті қоспа. Жарылыс 9 қабатты ғимараттың бірінші қабатында орын алған.
«Жалын жылдам тарады. Бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, ал қалған үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күрескенімен, өкінішке қарай, ешқайсысын аман алып қалу мүмкін болмады»,
Өртті сөндіруге Алматы облысы, Алматы қаласы және жергілікті атқарушы органдардың құтқару қызметінен 100-ден астам маман мен 31 техника бірлігі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт-тәжірибелік зертхана жұмыс істеуде – мамандар жарылыстың нақты себебін анықтау үстінде.
Жарылыс орын алған кәсіпорынның басшылығы қаза тапқандардың отбасыларына толық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді:
«Біз марқұмдардың отбасыларын бұл қайғыда жалғыз қалдырмаймыз. Сақтандыру төлемдерінен бөлек, әр отбасыға қосымша қаржылай көмек, заңгерлік және психологиялық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жерлеу рәсімі мен марқұмдардың қарыздарын өтеу бойынша барлық шығындарды толық өз мойнымызға аламыз»,