Алматы облысындағы мұғалімдерден заңсыз түрде жарна ұсталған

Фото: Pixabay
Алматы облысы, Талғар ауданы білім бөлімі заң бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін жасаудан босатылған 83 мұғалімнен осы жарна түрін ұстап қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Төлемдерден босатылғандардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектігі барлар мен магистратура, докторантура студенттері болғаны белгілі. Алынған сома толығымен қайтарылды.
«Бұл түрдегі сақтандырудың азаматтардың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар екенін атап өту маңызды. Барлық азаматтар мен жұмыс берушілерді, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін жарналардың дұрыс төленуіне мұқият назар аударуға шақырамыз»,