Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес жалғасуда

Фото: Pexels
2025 жылы 14 мамырдан басталған Алматы облысындағы ауыл шаруашылық жерлерді шегірткелерден қорғау шаралары жалғасын табуда, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Облыстың 330 мың гектар жері бақылауда. Сонымен қатар, 27 мың гектардан аса жерге химиялық өңдеу жасалды. Жұмыс салалық ведомстволар мен мердігер ұйымдар арқылы үйлестірілуде.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шеңгелді ауылдық округінде кеңес өткізіп, нақты қадамдарды айқындады. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, химиялық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мен жаңа ошақтар анықталса, жедел әрекет ету тапсырылды.