Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 4 шет ел азаматы ұсталды
Фото: Polisia.kz
2025 жылы 21-27 сәуір аралығында Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген, өз елінде қылмыс жасап, жауапкершіліктен жалтарған 4 шет ел азаматы ұсталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Ұсталған азаматтардың туылған жылдары – 1980, 1989, 1990 және 1981. Үшеуі – ер адам, біреуі – әйел.
Полиция келтірген мәліметке сай, олардың бірі аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін, екіншісі азаматтарды тау-кен-металлургия комбинатына жұмысқа орналастыру сылтауымен алдағаны үшін ұсталды. Әйел адам ұялы телефондарды сатып, пайданы иемденіп алғаны бойынша күдікті атанды. Ал бір ер адам экономикалық сипаттағы заң бұзушылық жасағаны үшін айыпталуда.
Алдын ала ақпарат бойынша, олар заңсыз әрекеттерін Қазақстанда жалғастырмақ болды.
"Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандарды өз еліне қайтару мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр",