Алматы облысы Бостандық ауданының кей бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Pexels
2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін Алматы облысы Бостандық ауданының кей бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_Joly сілтеме жасап.
Жылыту маусымына дайындық аясында Бостандық ауданында 1984 жылдан бастап қолданылған 2.7 шақырым жылу трассасы ауыстырылады. Осыған байланысты Ходжанова көшесі бойы – Гагарина көшесінен Жарокова көшесіне дейін және Жарокова көшесі бойы Ходжанова көшесінен Дунаевского көшесіне дейін – 2 көшеде (оңтүстік бағытта) көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Солтүстік бағытта қозғалыс ұйымдастырылады.
Көлік қозғалысын шектеу кезінде ыстық су беру тоқтамайды.