Алматы метросына төлемді енді кіреберісте жасауға болады

2025 жылдың күзіне қарай Алматы метросында жүру қазіргіден де ыңғайлы болмақ – барлық станцияларында байланыссыз төлемді қабылдайтын турникеттер орнатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Кезексіз және кассасыз жол жүру
Енді метроға кіру үшін кассаға барудың немесе кезекте тұрудың қажеті жоқ. Турникетке банк картасын немесе Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay қосылған смартфонды тигізу жеткілікті. Жаңа құрылғылар төлемнің барлық заманауи түрлерін қолдайды.
«Бұрын карта арқылы төлем тек кассада немесе арнайы бір турникетте ғана мүмкін еді. Енді әр турникет тікелей төлем қабылдайды – бұл тез әрі ыңғайлы»,
Жолаушыларға – барынша қолайлылық туғызу
Бұл жаңалық жолаушылардың метроға кіруін жылдамдатып, әсіресе қарбалас уақытта, күнделікті өмірді жеңілдетеді. Сонымен қатар, сәуір айынан бастап Алматыда интернетке қосылмай-ақ QR-код арқылы төлем жасау мүмкіндігі де іске қосылған.