Алматы мен Ақтөбе облыстарында фермерлік мектептер ашылады

Фото: Pexels

Алматы мен Ақтөбе облыстарында "Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен жайылымдарды қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация" шеңберінде далалық фермерлік мектептер ашылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Фермерлер агроорманмелиорацияның заманауи әдістерін үйренеді. Бұл жерді тұрақты пайдалану мен жайылымдық алқаптарды қалпына келтіруді ілгерілеуге әкеледі.


Алматы қаласында Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу өндірісінің базасында көшпелі жайылым мектебі ашылады.


Ал Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жайылымдарды бағалау мен практикалық жаттығуларды қамтитын оқыту семинарлары мен далалық сабақтар өтеді. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.


"Жоба Қазақстанның климаттың өзгеру салдарына, соның ішінде жайылымдардың тозуы мен ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне бейімделуіне ықпал етуге бағытталған. Фермерлік далалық мектептер ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жер ресурстарын тұрақты басқару әдістерін меңгеруге, топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген ресми хабарламада.