Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға артады

ҚР Көлік министрлігі фото на taspanews.kz от 06 мая 2025 10:51
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Алматы халықаралық әуежайын дамытуға 362 млн доллар инвестиция тартылады. Оның аясында жүргілетін іс-шаралардың ішінде басымдық әуежай қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға беріледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Инвестор корпоративтік бастамаларды жүзеге асырады. Оның ішінде 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға арттыру, 600 жаңа жұмыс орнын ашу қарастырылған. Қызметкерлер үшін жаңа асхана жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, ACI орталығымен аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады.


Одан бөлек, қызметкерлер мен іргелес аудандар тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады.


«2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды. Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews