Алматы қаласындағы Сайран көлі айналасын көркейту жұмысының 90% аяқталды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласын көркейту жұмысы кешенді жүргізілуде. Сайран айналасынан бөлек, субұрқақтар мен жаңа сквер бойынша жұмыстар жүргізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Сайран көлі маңын көркейту аяқталуға шақ. Аумаққа «Lorberg» тәлімбағынан әкелінген биіктігі 6 метрден жоғары 200 ағаш пен 3 300 бұта егілді.
Одан бөлек, қалада 4 субұрқақ кешені жөнделеді. Олар – әкімдік маңындағы Шығыс пен Батыс субұрқақтары, Республика алаңындағы және Ғабит Мүсірепов атындағы театр қасындағы субұрқақтар.
Сонымен қатар, Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесі қиылысында қала тұрғындары үшін жаңа сквер салынады. Мұнда 50 ірі ағаш егіліп, инженерлік желілер тартылып, резервуар құрылысы жүргізілуде.