Алматы қаласында мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өткізілді

Фото: қала әкімдігі
Алматы қаласы «Медеу» спорт кешенінде 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Салтанатты шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәдениет, спорт қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Мемлекеттік Әнұран орындалды.
«Көрермен «Қазақстаным», «Отан», «Туған жер», «Туған жерім тамаша», «Сүйікті елім», «Мен Қазақпын», «Ұлы дала», «Қазағым», «Атамекен» сынды бірқатар патриоттық әрі эстрадалық композицияны тыңдады»,
Алматының өзге де аудандарында арнайы мерекелік іс-шаралар өткізілуде.