Алматы қаласында 21 қабатты тұрғын үй өртенді

Фото: ҚР ТЖМ
Алматы қаласы, Бостандық ауданы Гагарин даңғылындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 14 қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққан, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Үйдің балконы жанған. Тұрғындар өздігімен сыртқа шығып үлгерген. Өрт сөндіру қиынға соқты. Автокөліктердің жолды жабуы мен тар жолдар құтқарушыларға үйге кіру үшіг кедергі жасады.
Өрттің таралуына жол берілмеді. Жалын шағын ауданда сөндірілді.