Алматы қаласы Медеу мен Бостандық аудандарында ауыз су беру уақытша шектеледі

Фото: Pexels
Алматыдағы Самал шағын ауданындағы су құбыры желісі толығымен жаңартылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жаңа желі 13 мамырда іске қосылады. Ол 25 мың адамды ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл күні кей үйлерде ауыз су беру шектеледі.
«Бұл күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ауыз су беру уақытша шектеледі: Медеу ауданы:Назарбаев даңғылы — Сәтбаев көшесі — Достық даңғылы — Жолдасбеков көшесі Самал-1, Самал-2, Самал-3 шағын аудандары. Бостандық ауданы: Померанцев көшесі — Ганди көшесі — Назарбаев даңғылы — Әл-Фараби даңғылы»,