Алматы қаласы Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Depositphotos
Әуезов ауданындағы Абай даңғылында жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінде ілмекті-реттеу арматурасын ауыстыру жүргізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Almaty_joly сілтеме жасап.
Аталған жұмыстар 13 маусым сағат 23:00-ден 14 маусым сағат 08:00-ге дейін өткізіледі. Абай даңғылы бойындағы №26 үйден бастап Саин көшесіне дейін батыс бағыттағы автокөлік қозғалысы шектеледі.
Көлік қозғалысы автобус жолағымен жүзеге асырылады. Шығыс бағытта қозғалыс ашық болады.