Алматы – әлемдегі ең лас қалалардың қатарында

Фото: Ortcom.kz

Алматы қаласы халықаралық IQAir компаниясы жариялаған әлемдегі ең лас қалалар рейтингіне тағы да енді, деп хабарлайды Taspanews.kzЕnergyprom.kz сілтеме жасап.


2025 жылғы мамыр айында Қазақстанның оңтүстік астанасы 125 мегаполис арасында 42-орынға ие болды. Ауаның сапа индексі (AQI) – 61 болды. Бұл – «орташа» деңгей бооып саналады, бірақ өткен қыстағы рекордтық көрсеткішті (AQI 250-ден жоғары) ескерсек, қала үнемі уланған ауамен тыныстап отыр деген сөз.


Қыс мезгілінде Алматы тіпті Дели мен Лахордан да асып түсіп, антирейтингтің көшін бастады. Алда – тағы бір жылыту маусымы.


Негізгі ластаушы – автокөліктер


Сарапшылар мен  өкімет деректеріне сәйкес, Алматы қаласындағы ауаның ластануының 60%-ға жуығы автокөлік шығарындыларымен байланысты. Жылына 189 мың тонна лас заттың 112,7 мың тоннасы көліктерден шығады.Мәселені ушықтырып тұрған – автокөлік санының артуы:


Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, Алматы мен Алматы облысында қазір шамамен 1,4 миллион көлік бар.


Олардың:


609,7 мыңы – 20 жылдан асқан ескі көліктер313,9 мыңы – 10-20 жыл аралығындағы көліктер


Күн сайын қалаға он мыңдаған көлік қала маңынан кіреді. Маятниктік көші-қон жағдайында бұл көлік-экологиялық апатқа айналып отыр.


Экологиялық бекеттер бар, бірақ пайдасы азАлматыда 19 экологиялық бекет жұмыс істейді – көліктердің шығарындысын тексереді. Алайд,  2024 жылы көліктердің 17%-ы тексерістен өтпеген 31,7 мың құқықбұзушылық анықталған, жалпы 581,8 миллион теңге айыппұл салынған.


Депутаттардың айтуынша, экобекеттердің тиімділігі – өте төмен.


Кейбір бекеттер күніне төртке жетер-жетпес ғана тәртіп бұзушыларды рәсімдейді, ал қаладағы көлік ағыны 700 мыңнан асады.


«Бұл экологиялық бақылау емес, көзбояушылық», – делінген ресми депутаттық сауалда.


Шешімі – Алатау атты жаңа «экобуфер» қала ма?


Шынайы шешімдердің бірі – Алматы маңында Алатау атты спутник-қаланы (қала-серігі) салу.


Мақсаты:


Экологиялық буфер болу


Көлік ағынын бөлу


Маятниктік көші-қонды азайту


Жаңа жұмыс орындары мен тұрғын үйлерімен қамтамасыз етуХалықтың бір бөлігін көшіру, таза көліктермен, ақылды қала (Smart City) жүйесімен жабдықтау және кең жол инфрақұрылымын дамыту – Алматыны айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін.


Кедергілер – өте көпҮкімет әзірге:Таксопарктерді электромобильге көшіруді ерте деп санайдыТиімсіз экобекеттерді әлі де қалдырып отыр.


Электрокарларға инфрақұрылым жоқ, ал қаланың электр қуаты жетіспейді. 


Сарапшылардың пікірі:Алматыға жергілікті айыппұлдар емес, ұзақ мерзімді экологиялық стратегия қажет. 


Көлік реформасы, жасыл инфрақұрылымға инвестиция, экологиялық қоғамдық көлік пен нақты шығарындыларды азайту – қаланы құтқарудың басты жолы.