Алматы – әлемдегі ең лас қалалардың қатарында

Алматы қаласы халықаралық IQAir компаниясы жариялаған әлемдегі ең лас қалалар рейтингіне тағы да енді, деп хабарлайды Taspanews.kzЕnergyprom.kz сілтеме жасап.
2025 жылғы мамыр айында Қазақстанның оңтүстік астанасы 125 мегаполис арасында 42-орынға ие болды. Ауаның сапа индексі (AQI) – 61 болды. Бұл – «орташа» деңгей бооып саналады, бірақ өткен қыстағы рекордтық көрсеткішті (AQI 250-ден жоғары) ескерсек, қала үнемі уланған ауамен тыныстап отыр деген сөз.
Қыс мезгілінде Алматы тіпті Дели мен Лахордан да асып түсіп, антирейтингтің көшін бастады. Алда – тағы бір жылыту маусымы.
Негізгі ластаушы – автокөліктер
Сарапшылар мен өкімет деректеріне сәйкес, Алматы қаласындағы ауаның ластануының 60%-ға жуығы автокөлік шығарындыларымен байланысты. Жылына 189 мың тонна лас заттың 112,7 мың тоннасы көліктерден шығады.Мәселені ушықтырып тұрған – автокөлік санының артуы:
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, Алматы мен Алматы облысында қазір шамамен 1,4 миллион көлік бар.
Олардың:
609,7 мыңы – 20 жылдан асқан ескі көліктер313,9 мыңы – 10-20 жыл аралығындағы көліктер
Күн сайын қалаға он мыңдаған көлік қала маңынан кіреді. Маятниктік көші-қон жағдайында бұл көлік-экологиялық апатқа айналып отыр.
Экологиялық бекеттер бар, бірақ пайдасы азАлматыда 19 экологиялық бекет жұмыс істейді – көліктердің шығарындысын тексереді. Алайд, 2024 жылы көліктердің 17%-ы тексерістен өтпеген 31,7 мың құқықбұзушылық анықталған, жалпы 581,8 миллион теңге айыппұл салынған.
Депутаттардың айтуынша, экобекеттердің тиімділігі – өте төмен.
Кейбір бекеттер күніне төртке жетер-жетпес ғана тәртіп бұзушыларды рәсімдейді, ал қаладағы көлік ағыны 700 мыңнан асады.
«Бұл экологиялық бақылау емес, көзбояушылық», – делінген ресми депутаттық сауалда.
Шешімі – Алатау атты жаңа «экобуфер» қала ма?
Шынайы шешімдердің бірі – Алматы маңында Алатау атты спутник-қаланы (қала-серігі) салу.
Мақсаты:
Экологиялық буфер болу
Көлік ағынын бөлу
Маятниктік көші-қонды азайту
Жаңа жұмыс орындары мен тұрғын үйлерімен қамтамасыз етуХалықтың бір бөлігін көшіру, таза көліктермен, ақылды қала (Smart City) жүйесімен жабдықтау және кең жол инфрақұрылымын дамыту – Алматыны айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін.
Кедергілер – өте көпҮкімет әзірге:Таксопарктерді электромобильге көшіруді ерте деп санайдыТиімсіз экобекеттерді әлі де қалдырып отыр.
Электрокарларға инфрақұрылым жоқ, ал қаланың электр қуаты жетіспейді.
Сарапшылардың пікірі:Алматыға жергілікті айыппұлдар емес, ұзақ мерзімді экологиялық стратегия қажет.
Көлік реформасы, жасыл инфрақұрылымға инвестиция, экологиялық қоғамдық көлік пен нақты шығарындыларды азайту – қаланы құтқарудың басты жолы.