Алматы әкімі зақымданбаған асфальтты ауыстыруға қатысты ескерту жасады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданындағы жобалардың дұрыс атқарылуын тексеру барысында зақымданбаған асфальт пен жиектастарды ауыстыру жүріп жатқанын айтты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала бойынша жүргізіліп жатқан жаңарту, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын бақылау барысында қала әкімі ақаусыз асфальтты жаңарту тек қажеттілік туындағанда жүргізілу керек екенін жауапты тұлғаларға ескертті.
Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесі қиылысында ұңғымалар бұрғыланып, инженерлік желілер тартылуда. Сонымен қатар, Есентай өзені көпірін жаңарту 60% аяқталған. Қалада 1 500 орындық мектеп құрылысы бойынша әрлеу мен көркейту жүргізілуде. Мектеп келе жатқан оқу жылына сай ашылады.
Ал Торайғыров көшесінде жаяу жүргіншілер жолдары, веложолдар мен спорт, балалар алаңдары жаңартылуда. Жарықпен қамту жүргізілуде.
Гагарин даңғылында көркейту жұмыстары аяқталды. Жарық шамдар орнатылып, спорт алаңдары мен суару жүйелері қалпына келтірілді.