Алматы әкімі «Қалқаман» метро бекетінің құрылысын жеделдетуді тапсырды

https://web.telegram.org/k/#@almaty_akimat
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа «Қалқаман» метро бекетінің құрылысын бақылап қайтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Іске қосылғанда аталған метро бекеті жолаушылар санын 30%-ға арттырмақ. Бекет Абай даңғылы бойында орналасады. Платформа ұзындығы – 98 метр. Метро маңында автокөлік және автобус тұрақтары жасалады.


Құрылыс 2026 жылы қаңтарда аяқталады деп жоспарлануда.


Қала әкімі жұмысты жеделдету мен қосымша күш жұмылдыруды тапсырды.


Следите за новостями Taspanews