Әлем чемпионатынан кезекті жеңіс: Ксения Прозорова алтын медаль иеленді

Қазақстандық спортшы Ксения Прозорова Перудағы Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Жас атлет 59 келіге дейінгі салмақта күш жарыстырды. Ксения қоссайыс сомасында 199 келі (91+108) көтеріп, қарсыластарын басып озды. Одан кейін Өзбекстан Республикасының спортшысы Маржона Абдумуталова – 190 (88+102) екінші орында және Ресей спортшысы Полина Павлович – 189 (85+104 ) үшінші орында орналасты.
Сонымен қатар, Ернұр Мырзахметов 73 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді. Ал Ерасыл Сәулебеков юниорлармен сайыста 81 келіге дейінгі салмақта үшінші орын иеленді.
Одан бөлек, бұрнырақ Әлем чемпионатында Бейбарыс Ерсейіт 65 келі салмаққа дейінгі категорияда бірінші орын алды.