Алакөлде екі жасөспірім құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Абай облысы, Мақаншы ауданы, Алакөл көлінде болған екі жасөспірім жағаға жете алмай қалған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
2005 және 2006 жылғы жасөспірімдер серфинг тақтасымен сырғанап жүріп, толқыннан аударылып қалғаны белгілі. Олар жағаға өз бетімен жете алмаған.
Құтқарушы гидроциклмен жетіп, оларды қауіпсіз жерге шығарды. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады.