Алакөлде батып кете жаздаған адам екі күн комада болған соң есін жиды

Фото: Абай облысы ПД
Алакөл көлінде жас жігіт бата бастағанда жағалауда қоғамдық тәртіп пен демалушылардың қауіпсіздігін бақылаған полиция қызметкерлері көмекке келген, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Абай облысы ПД сілтеме жасап.
Полиция капитаны Бекзат Қайдаров жігітті тауып, судан шығарған. Жедел жәрдемді күту барысында алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
18 жасар студент аман қалды. Екі тәуліктен аса комада жатып, есін жиды.