Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан жерлері үшін төлем жасалмайды

Pexels фото на taspanews.kz от 28 мая 2025 10:39
Фото: Pexels

Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдарда ақау анықталса, жүргізушілер бұл жолдардың белгілі бір бөлігімен жүріп өткені үшін ақы төлемейтін болады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылады. Жөндеуді талап ететін және қауіпсіздікке әсер ететін жол учаскесі үшін ақы жөндеу жұмысы аяқталғанға дейін алынбайтын болады. Мәселен 100 шақырым жолдың 5 шақырымы ақаулы болса, онда тек 95 шақырым үшін ақы төленуі тиіс.


Өзгеріс 2025 жылдың маусым айынан бастап енгізілмек.


Следите за новостями Taspanews