Ақтөбеде жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін 3,5 млн теңгеге айыппұлдар салынды

Pexels фото на taspanews.kz от 25 июня 2025 11:49
Фото: Pexels

Полиция қызметкерлері шетелдік нөмірі бар Toyota көлігін айдаған 27 жастағы жүргізушіні тоқтатып, оған айыппұлдар салды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Белгілі болғандай, ол екі ай ішінде жол қозғалысы ережесін 131 рет бұзған. Бұзушылықтар қатарында жылдамдықты асырғаны, қауіпті маневрлер жасағаны және қызыл шамға өткендігі бар.


Көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Қазіргі таңда барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 3,5 миллион теңгені құрады.


Следите за новостями Taspanews