Ақтөбе тұрғындары Голан жоталарынан келген бітімгерлер тобын қарсы алды

ҚР Қорғаныс министрлігі фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 13:15
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметкерлерді салтанатты қарсы алу рәсімі Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясында Қазақстанның тұңғыш ұлттық бітімгерлік контингенті құрамында бір жылдық қызмет атқарған әскери қызметкерлер оралды. Бітімгерлерді гарнизон басшылығы, ҚР Қарулы күштері ардагерлері мен әріптестері қарсы алды.


Еске салсақ, 2025 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны үшін Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияға қатысқандарды арнайы мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. 


Әскери қызметкерлер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен, Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.


Следите за новостями Taspanews