Ақтөбе мен Қостанай облыстарында жоғалған адамдар табылды

Pexels фото на taspanews.kz от 19 июня 2025 10:18
Фото: Pexels

Ақтөбе облысында мал бағуға шыққан және Қостанай облысында үйінен шығып, қайта оралмаған әйелді іздестіру шаралары жүргізілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында 1 999 жылғы жігіт мотоциклге отырып Сарат ауылынан Сарыбұлақ ауылына мал бағу үшін жөнеліп, оралмаған.


Жергілікті тұрғындар, полиция, ТЖМ мен ЖАО бірігіп, іздеу жұмыстарын жүргізді. Ер адам аумақтан 60 шақырым жерде, шаруа қожалықтарының бірінде табылды. Жағдайы тұрақты, медициналық көмекті талап етпейді.


Сол сияқты, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл ауылында үйінен шығып оралмаған 1 948 жылғы тұрғын елді мекеннен 1 шақырым қашықтықта табылды. Жағдайы жақсы.


Следите за новостями Taspanews